БІЗДІҢ МАҚСАТЫМЫЗ – АДАМДАРҒА ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІК СЫЙЛАУ!

«№8 қалалық емхана» МКҚК

Мекен-жайы:Сембинов 4/1

Тел:8(7172)37-52-99; 8(7172) 37-63-11

Телефакс: 8(7172) 37-30-82


«№8 қалалық емхана» МКҚК  2007  жылы желтоқсан айында Астананың бұрынғы бөлігі «Алматы» ауданы  ересек тұрғындар мен балаларға кепілді көлем аясында алғашқы медикосанитарлық және мамандандырылған медициналық көмек беру үшін құрылған.Бүгін «№8 қалалық емхана» МКҚК- жаңашыл диагностикалық аппаратуралармен жабдықталған және жоғары білікті  дәрігерлермен қамтылған медициналық ұйым. Медициналық  көмекті терапевтер, педиатрлар,  жалпы тәжірибе  дәрігерлері, хирургтар, гинекологтар және урологтар, ЛОР дәрігерлер көрсетеді.

Сонымен қатар біздің мамандар үйде медициналық көмек пен балаларға стоматологиялық қызмет көрсетеді.

Емхана құрамында  кепілді медициналық көмекті 77 949 адамға, оның ішінде 18 630-ы балаларға көмек көрсетуші ересектер мен балалар корпусы бар.

Емханада  хирургиялық, урологиялық,  гинекологиялық, отоларингологиялық  және травматологиялық кәсіп бойынша операциялық араласулар  жүргізетін  амбулаторлық хирургия орталығы жұмыс істейді.

2010 жылы қазан айында №8 қалалық емханада қалалық амбулаторлық  офтальмологиялық  орталық  ашылған, онда суқараңғылықты диагностикалау үшін барлық жаңашыл  аппаратуралармен жабдықталған.

№8 қалалық емхананың  күндізгі стационарында 26 койка-төсекте 2 аусымда жіті созылмалы сырқаты бар аурулар учаскелік дәрігерлер мен арнаулы мамандардың жолдамасы бойынша ем алады.

2011 жылға емханада стационаралмастыру көмекке мемлекеттік тапсырыс 2 000 мөлшерінде  орналастырылған.

№8 қалалық емханада әлеуметтік-психологиялық қызмет халыққа медициналық және психологиялық қызмет көрсету ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік және құқықтық проблемеларды шешуге де көмек көрсетеді.

№8 қалалық емхана жанынан «Ботақан» клубы, қант диабеті бар сырқаттар клубы, астма-мектеп, кардио-мектеп жұмыс істейді. Бекітілген аумақтағы  жүкті әйелдерге денсаулықтарын жақсарту бойынша психологиялық көмек көрсетіледі

 

Послание президента

Послание президента

Сұрау

Сіз біздің емхананың қызмет көрсету дәрежесін қалай бағалайсыз?
 

Сайт статистикасы

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін358
mod_vvisit_counterКеше493
mod_vvisit_counterОсы аптада358
mod_vvisit_counterӨткен аптада3811
mod_vvisit_counterОсы айда9132
mod_vvisit_counterӨткен айда14639
mod_vvisit_counterБарлығы132211

Онлайн (сонғы 20 мин ішінде): 6
Сіздің IP: 38.107.179.217
,
Now is: 2012-05-20 17:28